• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Қағаз түтікшелер қауіпті болуы мүмкін

Бельгиялық зерттеушілер синтетикалық химиялық заттар – поли – және перфторалкильді қосылыстар (PFAS) тобына арналған 39 маркалы қағаз түтікшелерін тексерді. Бұл Еуропадағы осындай бірінші талдау, ал әлемдегі тек екінші талдау. PFAS тексерілген түтікшелердің көпшілігінде табылды және көбінесе қағаз бен бамбуктан жасалған түтікшелерде кездеседі.

PFAS сыртқы киімнен бастап суға, ыстыққа және дақтарға төзімді жабыспайтын табаларға дейін күнделікті пайдаланылатын өнімдерді жасау үшін қолданылады. Дегенмен, олар адамдар мен қоршаған орта үшін ықтимал қауіпті. Олар уақыт өте баяу ыдырайды және табиғатта мыңдаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Бұл қасиет оларды “мәңгілік химикаттар” деп атауға әкелді. PFAS-ты вакциналарға реакцияның төмендеуі, туу салмағының төмендеуі, қалқанша безінің бұзылуы, холестериннің жоғарылауы, бауырдың зақымдануы, және кейбір қатерлі ісіктер сияқты бірқатар денсаулық мәселелерімен байланыстырады.

Қағаз және бамбук сияқты өсімдік тектес материалдардан жасалған түтікшелер көбінесе пластмассадан жасалған аналогтарға қарағанда тұрақты және экологиялық таза деп жарнамаланады, делінген жұмыста. Дегенмен, бұл түтікшелерде PFAS-тың болуы олардың зиянсыз екенін жоққа шығарады. Сонымен қатар, Ұлыбритания мен Бельгияны қоса алғанда, көптеген елдер бір реттік пластиктен жасалған бұйымдарды, соның ішінде ішуге арналған түтікшелерді сатуға тыйым салды, ал өсімдік негізіндегі нұсқалары танымал балама болып келе жатыр.

Зерттеу барысында қағаз, бамбук, шыны, тот баспайтын болат және пластмасса сияқты бес материалдан жасалған 39 түрлі ішетін түтікше маркалары зерттелді. Негізінен дүкендерден, супермаркеттерден және тез тамақтану мейрамханаларынан сатып алынған түтікшелер құрамында PFAS болуына тестілеудің екі кезеңінен өтті. Көптеген маркаларда (69%) PFAS болды, осы топтың барлығы 18 түрлі заттары табылды.

Көбінесе PFAS қағаз түтіктерінде кездеседі: бұл химиялық заттар сыналған маркалардың 90%-ында табылды. Бірақ сыналған болат түтікше түрлерінің ешқайсысында химиялық заттар табылған жоқ. Сынақтар шеңберінде 2020 жылдан бастап бүкіл әлемде тыйым салынған перфтороктан қышқылы жиі табылды.

Ғалымдар PFAS концентрациясы төмен болғанын , ал адамдардың көпшілігі түтікшелерді анда-санда ғана қолдануға бейім екенін ескерсек, олар адам денсаулығына шектеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Дегенмен, PFAS ағзада жылдар бойы сақталуы мүмкін және уақыт өте келе оның концентрациясы артуы мүмкін. Өндірушілер түтікшеге PFAS-ты гидрооқшаулау үшін қосқан ба, әлде олар ластанудың нәтижесі ме, белгісіз. Өсімдік материалдары өсірілген топырақ пен өндіріс процесінде қолданылатын су ластанудың ықтимал көздеріне жатады.

Дереккөз: http://planet-today.ru