Венгриялық Hell Energy Drink компаниясы әлемде бірінші болып жасанды интеллектке сүйене отырып, энергетикалық сусын жасағанын мәлімдейді.
HELL A.I. деп аталатын жаңа сусынды басынан аяғына дейін жасанды интеллект әзірлеген. ЖИ тұтынушылардың энергетикалық сусыннан не қалайтынына және не күтетініне талдау жасаған. Содан кейін өнім дәрумендермен, аминқышқылдарымен және өсімдік компоненттерімен байытылуы керек деп шешіп, ингредиенттер мен рецепттерді таңдаған.
ЖИ сусынның дәмінің үш нұсқасын ұсынып, нәтижесінде олардың ішінен “тутти-фрутти және жидек жарылысы” таңдалды. Hell Energy Drink энергетиктер санаты аясында аталған күрделі және әртүрлі процес толығымен жасанды интеллект арқылы жүзеге асырылған инновациялық өнім әлемдегі алғашқы мысал болып табылады деп хабарлайды.
Сусынның рецептурасы “қатаң құпия” және компания фабрикасындағы “жетілдірілген” қауіпсіздік шараларымен қорғалған бір компьютерде ғана сақталады. ЖИ сонымен қатар жаңа қаптаманың дизайнына да жауап берді. Сусын өндіріске енгізілді және осы күзде әлемнің 60-тан астам елінде пайда болуы керек.
Hell Energy Drink-те айтылғандай, ЖИ “тамақ өнеркәсібі үшін жаңа дәуірді” бастай отырып, жаңа өнімдерді жобалау процесінде шекараларды кеңейтуге көмектеседі. ЖИ бірнеше минут ішінде үлкен көлемдегі деректерді сұрыптап, талдай алады, бұл әдеттегі әзірлеу циклін 1-2 жылдан бір айға дейін қысқартады. Мұның бәрі әрқайсысы белгілі бір салада мамандандырылған көптеген ЖИ жүйелерінің бірлескен жұмысының нәтижесі.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com