• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Nutri-Score таңбалауы жаңарды

Nutri-Score таңбалау жүйесінде жаңарту орын алды: тәтті тағамдарға арналған ережелер одан да қатал болды, ал зәйтүн майлары мен майлы балықтар нақтыланды.

Салдарынан, таңғы асқа қолданылатын салыстырмалы түрде құрамында қанты көп хлопьялар осы жүйеге байланысты жоғарғы А рейтингын ала алмайды. Ондай өнімдерге енді – ортаңғы С деңгейі беріледі.

Тек қана құрамында қанты аз хлопьялар А немесе В рейтингын ала алады. Калориясыз сусындар жаңарған ережелер бойынша рейтингы төмендеген В дан С ға дейін.

Бұл сүт өнімдеріне де қатысты болды. Майсыз және ішін ара майсыз сүт А дан В деңгейіне дейін төмендеді. Сүт негізді сусындар(хош иістендіргіш немесе тәттілендіргіш компонеттерімен) енді А немесе В бағасын ала алмайды. Тек D немесе Е болса керек. Йогурттар қант құрамына байланысты А дәрежесінен С дәрежесіне дейін төмендеген.

Сонымен қатар, қаныққан май қышқылдары аз өсімдік майлары (мысалы, рапс, олеин күнбағыс, жаңғақ майы) зәйтүн майы сияқты В рейтингіне жетті. Күнбағыс майы енді С рейтингінде. Осы санаттағы қалған өнімдер (мысалы, кокос майы) Е рейтингінде қалды.

Жүйені әзірлеушілердің айтуынша, әдістемедегі бұл өзгерістер “жалған жаңалықтардың” таралуымен күресуге, және Nutri-Score қалай жұмыс істейтіні туралы халықтың түсінігін нығайтуға арналған. Жүйе ғылыми саладағы прогреспен және азық-түлік нарығының эволюциясымен бірге дамуы керек. Бұл тәтті, тұзды, дәмді тағамдарға, қызыл етке және тәтті сусындарға қатысты таңбалау ережелерінің соңғы енгізілген қатаң ережелерге байланысты.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com