Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымы(ДДСҰ) әйгілі тәттіоендіргіш аспартамды «концерогенді болуы мүмкін» деп жариялады, алайда оны қолданысқа рұқсат етілген қолдану деңгеінде тұтыну қауіпсіз деп растады.
Аспартам- калориясыз ең көп қолданылатын тәттілендіргіш, оны көп өнеркәсіпте пайдаланады, әсіресе тамақ және сусын жасауда. Аспартам кәдімгі қанттан 200 есе тәтті, және көптеген танымал калориясы төмен деп көрсетілген сусын, сағыздарда қолданылады.
ДДСҰ аспартамның қауіпсіздігін бағалау үшін екі жақты жұмыс жасады. Біріншіден, сарапшылар әйгілі тәттілендіргіштің адам ағзасына зиян болуы мүмкіндігін анықтауы керек; екіншіден – аспартамды өмірде қолданғандағы мөлшерде тұтынуман байланысты тәуекелді анықтау.
Нәтежиесінде, Халықаралық обырды зерттеу агенттігі (IARC) аспартамды «канцерогенді болуы мүмкін» деген санатқа жатқызды. Ал ФАО/ДДСҰ Азық-түлік қоспалары бойынша біріккен сарапшылар комитеті (JECFA) аспартамның қолданыстағы нұсқауларға сәйкес пайдаланғандағы зияны туралы нақты дәлел таппады.
IARC аспартамның жіктеуінде адамдарда қатерлі ісік ауруының шектеулі дәлелдеріне негіз болған (дәлірек айтсақ, бауыр ісігінің бір түрі). IARC аспартам сусындарын тұтынуға бағытталған үш эпидемиологиялық зерттеулерге талдау жасады. Олар АҚШ пен Еуропадағы Төрт үлкен когортты зерттеді. Аталған сусындарды тұтыну мен бауыр қатерлі ісігі арасындағы байланыс барлық үш жұмыста анықталды. Дегенмен, агенттік сарапшылары зерттеу барысында кездейсоқтық немесе біржақтылық мүмкіндігін толығымен жоққа шығара алмады, сондықтан дәлелдер шектеулі деп танылды.
IARC тұжырымдамаларымен барлығы келіспейді. АҚШ-та азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) қарастырылып отырған зерттеулердің елеулі кемшіліктері бар екенін және аспартамды олардың нәтижелері бойынша ғана канцерогенді деп тану мүмкін емес екендігін айтты. Тәттілендіргіштерді өндірушілер мен тұтынушыларды ұсынатын халықаралық (International Sweeteners Association Халықаралық тәттілер қауымдастығы) (ISA) IARC азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі орган емес екенін атап көрсетеді. Агенттік тағайындаған аспартам классификациясы тұтынудың нақты деңгейлерін де, нақты тәуекелдерді де ескермейтіндіктен, ISA бұл бағалауды азық-түлік қауіпсіздігіне мамандандырылған органдар жүргізген сараптамаларға қарағанда “әлдеқайда аз” деп санайды.
Аспартамды тұтынуда рұқсат етілген деңгейі туралы айтатын болсақ, белгіленген максимум дене салмағының әр кг-на 40 мг құрайды. Орташа салмағы 70 кг ересек адам үшін бұл күніне шамамен 2800 мг аспартамға сәйкес келеді. Газдандырылған сусында әдетте бір банкада 200-300мг аспартам болады. Сонда рұқсат етілген максимумға жету үшін күніне 9-14 банка ішу керек. ДДСҰ аспартамның бұл мөлшері адам ағзасына зиян еместігін, яғни қауіпсіз деп растады. JECFA жануарлар мен адамдардағы қатерлі ісік қаупі туралы, ғылыми дәлелдерді қарастырды және аспартамды тұтынуда адамдарға қатерлі ісік қаупі бар, және қауымдастықтың дәлелдерін сарапшылар “нәтижесіз”деп тапты. Комитет бұл салада егжей-тегжейлі, ұзақ зерттеулер қажет деп санайды.
JECFA қорытындысы бойынша, бұл өнеркәсіпте аса өзгерістер күтудің қажеті жоқ. Аспартамды пайдаланудағы деңгейінің максимумнан, және рецептураларды жөндеудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар ДДСҰ айтуы бойынша, өндірушілердің немесе реттеушілерге тәттілендіргіш бар өнімдерді нарықтан алып тастауын ұсынбайды.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com