Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
2023 жылғы 02 маусымдағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестіктерінің энергетикалық сусындардың зиянына байланысты өтінішіне қатысты Сіздің сұрауыңызға сәйкес, Кеден одағының КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай сергітетін сусындар, оның ішінде «энергетиктердің» құрамына мыналар кіруі мүмкін: кофеин және оның құрамындағы өсімдіктер (өсімдік сығындылары), шай, кофе, гуарана, мате, сондай-ақ сергітетін әсері бар дәрілік өсімдіктер мен олардың сығындылары (женьшень, левзея, қызғылт родиола, лимонграсс, элеутерококк). Сергітетін сусындарды өндіру (дайындау) кезінде минералды компоненттерді, жеңіл сіңімді көмірсуларды, дәрумендер мен дәруменге ұқсас заттарды, субстраттар мен энергия алмасуының стимуляторларын пайдалануға жол беріледі. Сонымен қатар, «Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» сәйкес, 5-қосымшасы, кофеинді тұтынудың барабар деңгейі тәулігіне 50 мг, жоғарғы рұқсат етілгені шегі – тәулігіне 150 мг, ал спортшылар үшін – тәулігіне 200 мг құрайды.
Көптеген әдеби дәлелдер тұрақты қабылдау кезінде 400 мг кофеин денсаулыққа қауіп төндірмейтінін көрсетеді. Бұл ретте балалар тәулігіне 150-400 мг мөлшерде кофеиннің денсаулыққа ықтимал қолайсыз әсері бойынша тәуекел тобына жатқызылған. Балалар мен жасөспірімдерге жағымсыз әсер ету қаупін тудыратын кофеин мөлшері туралы нақты ақпарат ғылыми әдебиеттерде көрсетілмеген. Жеке плацебо-бақыланатын зерттеулерде кофеинді тәулігіне 50-ден 350 мг-ға дейін тұтыну балалар мен жасөспірімдерде жүрек-қан тамырлары мен когнитивті функциялардың елеулі жанама әсерлерін тудырмайтындығы анықталды (J. Hum Nutr Diet. 2014; 27:342-57).
Ресейлік ғалымдар жүргізген зерттеулер көрсеткендей, тамақ өнімдерінің барлық түрлерімен кофеинді тұтыну бір адамға, оның ішінде жасөспірімдерге, тәулігіне орта есеппен 158 мг құрайды, бұл, әрине, белгіленген жоғарғы рұқсат етілген тұтыну деңгейінен біршама асып түседі. Біз тек кофе туралы ғана емес, сонымен қатар басқа сусындар туралы, атап айтқанда, 110 мг кофеин келетін екі кесе дәстүрлі қара және көк шай туралы да айтып отырмыз.
Бұл жерде, алкогольсіз сергітетін сусындарда кофеин мөлшері орта есеппен 275-280 мг/л құрайтынын, осыған байланысты 250 мл сергітетін сусындарды тұтыну тәулігіне 68-70 мг кофеинге сәйкес келетінін айта кету керек. Халық тұтынатын ең жоғары кофеинді сусындар – еритін кофе (200 мл-ге 72,7 мг), көк шай (200 мл-ге 41 мг,) қара шай (200 мл-ге 55 мг), какао (200 мл-ге 45 мг), сүтті шоколад (200 г-ға 30 мг), кока-кола лайт (200 мл-ға 22 мг), пепси лайт (200 мл-ға 26 мг). Яғни, құрамында кофеин бар өнімдерге кофе, какао және шайдың әртүрлі түрлерін жатқызу керек. Сондықтан, біздің еліміздегі ең танымал сусындар ретінде шай мен кофені тұтыну тәулігіне кофеиннің барабар ғана емес, сонымен қатар рұқсат етілген жоғарғы деңгейін де қамтиды.
Сергітетін сусындар балалар үшін (18 жасқа дейінгі) ұсынылмайды, КО ТР 022/2011 регламентіне сәйкес, халықты кофеин мөлшері туралы хабардар ететін міндетті затбелгі жазбасының болуын және «18 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік және емшек сүтімен емізу кезінде, сондай-ақ жүйке қозғыштығы, ұйқысыздық, артериялық гипертензиядан зардап шегетін адамдарға тұтынуға ұсынылмайды» мәтінін жазуды ұйғарылды.
Осылайша, энергетиктер жататын алкогольсіз сергітетін сусындар шайға, кофеге, какаоға ұқсас тағамдар болып табылады және тәтті шайға, кофеге және басқа да қант қосылған сусындарға қарағанда ағзаға зиян келтіру және денсаулыққа қауіп төндіретін мәселелер бойынша алаңдаушылық туғызбайды. Айта кету керек, сергітетін сусындардың құрамында қант мөлшері көптеген жеміс шырындарына қарағанда әлдеқайда аз, төмен мөлшерде болады және соңғы кездері басым көпшілігі қантсыз немесе қант алмастырғыштар негізінде өндіріледі.
Сонымен қатар, алкогольсіз сергітетін сусындарды өндірушілерге ыдыстың мөлшерін 250 – 300 мл-ге дейін шектеуді ұсынған жөн деп санаймыз, бұл сусындардың артық тұтынылуын азайтады.
Республикада энергетикалық сусындардың зияны туралы ғылыми деректер болмағандықтан, Қазақ тағамтану академиясына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мекемелерімен бірлесіп, энергетиктердің пайдасы мен зияны туралы ғылыми негізделген ұстанымды одан әрі әзірлеу мақсатында халықтың сусындарды пайдалануы бойынша кең ауқымды зерттеулер мәселелерін пысықтаған жөн.
Президент, РҒА және ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Шарманов