• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

EО бірыңғай фронтальды таңбалауды кейінге шегерді

Еуропалық Комиссия азық-түлікті фронтальды таңбалауды реттеу жоспарын өзгертіп, жақын арада бірыңғай жоба ұсынбайды. 

2020 жылы комиссия Еуроодақта азық-түлік өнімдерін фронтальды таңбалаудың бірыңғай және міндетті жүйесін әзірлеуге уәде берді. Сонымен қатар, семіздіктің таралуына қарсы тұру бірыңғай схеманы енгізу қажеттілігінің бір себебі ретінде аталды. Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде әртүрлі фронтальды таңбалау схемалары қолданылып жүр, соның ішінде британдық Nutri-Score «бағдаршам» белгісі, итальяндық NutrInform Battery және т.б.. Таңбалаудың бірыңғай тәсілі осы жылдың соңына дейін ұсынылу керек еді.

Комиссия шешімін 2023 жылға дейін шегеруді жөн көрді. Сарапшылар таңбалау жүйесі мен олардың нарықтағы әсерін зерттеп жатыр. ЕО мүшелері міндетті фронтальды таңбалау консенсусын қабылдамады, демек көп жағдайда өз ыңғайына пайдалана береді. Алайда, тұтынушылар өнім құрамы туралы ақпарат алуға қызығады. 

Энерго-экономикалық дағдарыс бірыңғай тәсілді әзірлеуге кедергі болды деп есептеледі. Талқылау күрделі әрі қиын болғанын комиссия мүшелері атап өтті. ЕО фронтальды таңбалау жүйелерін қолдайтындар да, сынайтындар да бар. Франция, Бельгия және Германия белсенді түрде алға жылжытқан бірдей Nutri-Score Италияда қатты сынға ұшырады. Оған себеп итальяндық өнімдердің (зәйтүн майы мен Парма ветчинасы) көбі “пайдалы” схемасына сәйкес емес. 

Сондықтан көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, Еурокомиссия түптеп келгенде бұрыннан бар жүйелердің бірімен тоқтап қалмай, ымыраға келудің бір түрі ретінде жаңа схема ұсынатын болады. Алайда ымыраға келу оны жеңілдетпейді.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com