• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Қантты азайтудың әдеттен тыс жолдары

Өнімдегі қантты азайтуға арналған көптеген шешімдерден айырмашылығы, BlueTree Technologies стартапы қантты басқа баламалармен алмастырмайды. Есесіне, компания шырындар мен сүттен дисахаридтерді сүзіп алу үшін «қарапайым» технологияларды қолданады.

Қант мөлшерін азайту, әрине, тенденция, әсіресе сусындар, қант салығы жиі қолданылатын санат. Сондай-ақ әртүрлі таңбалау жүйелері тұтынушыларды өнімдегі қант деңгейінің жоғарылауы туралы белсенді түрде ескертеді, яғни өндірушілерде жаңа формулалар ойлап табуға тырысады. 

BlueTree шырындар мен сүт өнімдері болып саналатын «табиғи» сусындармен жұмыс істеуді мақсат етіп, өндірушілерге өнімнің «дәмі өзгеріссіз» болып қалуы үшін қант құрамын азайтуға көмектеседі. Компания бұған тек қанттарды сүзіп алуға бағытталған және өнімнің құрамына ештеңе қоспайтын қарапайым физикалық технология арқылы қол жеткізеді.

Фильтрация мен адсорбация екі негізгі әдіс болып табылады. BlueTree қанттың барлық молекулаларын сүзіп алмайды. Мәселен, апельсин шырынының жартысы дисахаридтер, ал қалғаны фруктоза сияқты моносахаридтер. Компанияның технологиялары негізінен дисахаридттерді сүзіп алуды мақсат етеді. Моносахаридтер шырынға тән тәттілік пен дәмін сақтап қалуға көмектеседі. 

“Табиғи” сусындардағы дисахаридті азайту, сусынның дәмінің өзгеруіне себебші болуы мүмкін, алайда BlueTree клиентке қажетті мөлшерде қантты азайтуға дайын. Бұл көбінесе белгілі бір географиядағы ағымдағы реттеу шараларымен анықталады. Компания қантты 15%-ға азайту әдетте дәмге әсер етпейтінін атап өтеді. 30-40% дәмнің өзгеруіне әсер етеді, әрі тұтынушылар да өзгеріс байқайды. 50% төмендеткен жағдай да шырын жай қышқыл болады. Дегенмен тіпті өндірушілердің мұндай сұраныстары, мысалы, қарт адамдарға арналған өнімдер бар. 

BlueTree технологиялары қажетті өндірістік жабдықты орнату тұрғысынан салыстырмалы түрде қарапайым және компанияның кеңею бойынша ауқымды жоспарлары бар. Дегенмен негізгі қиындықтардың бірі тұтынушыларды диетадағы қант мөлшерін азайтуға сендіру қажеттілігі болып қала береді. Көптеген адамдар сол шырындардың қантқа қаншалықты бай екенін әлі түсінбейді және қант аз тағамдарға үйрену қиын болуы мүмкін. BlueTree өз тұтынушыларына қанттан бас тартуға кеңес береді, бұл тұтынушыларға бейімделуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com