Тұшпараның дәмі бар газдалған су, бәлкім, ойлап шығарылған алкогольсіз сусындардың ең ерекшесі шығар. Бірақ алкогольсіз суық сусын өндірушісі, жапондық Nagai Garden олай ойламайтын сияқты.
Компания гёдза тұшпарасының дәмі бар газдалған су шығарды. Дәстүрлі қуырылған гёдза тұшпарасы жапон асханасының негізгі бөлігі болып табылады. Алкогольсіз «Сидр гёдза» (немесе «Гёдза газдалған суы») сусыны алғаш рет 2019 жылы пайда болды, бірақ әлі күнге дейін хабарларда талқыланып, әлеуметтік желілерде көптеген даулар тудырады.
Бұл газдалған су бөтелкесін ашқанда бірден өткір иіс шығатын көрінеді. Оны чили, сірке суы, соя соусы, сарымсақ және зімбір қоспасы ретінде сипаттауға болады. Иісінің өткір болғаны соншама, сусын өндірушісі бөтелкені ашық ауада ашуға кеңес береді. Шамасы, сусын әзірлеушілері гёдзаның дәмі мен хош иісін барынша сезілгенін қалап, агрессив маркетинг арқылы адамдардың қызығушылығын тудырғысы келген секілді. Олардың жоспары іске асты: нарықта үш жыл бойы сусын жоғары мәртебеге ие болды.
Гёдза сидрін ішу үлкен ерлікті қажет етеді десек те болады, көбінесе достар ортасында адамдар осы сусынмен көңіл көтереді. Ержүрек дегустаторлар әдетте бұл олардың бұрын-соңды дәм татқан ең жиіркенішті газдалған сусын екенін мәлімдейді.
Гёдза дәмі бар газдалған суды қазіргі таңда тек Жапониядан алуға болады, бірақ кейде жапон импорттық онлайн дүкендерінде де кездеседі. Өкінішке қарай, онда бұл сусынды табу көбіне мүмкін емес.
Дереккөз: http://fishki.net