Мурманск облысында тек аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін бірегей өнім, «Самоцветы» деп аталатын лимонад пайда болды. Жаңа сусынды әзірлеушілер жылтылдаған әсері бар лимонадтарды ұсынды.
«Самоцветы» лимонадтары Кола түбегінде өндірілетін бес тастың атауларына сай жасалған: амазонит, аметист, хризолит, кварц және эвдиалит. 5 түрлі дәм бар:
- эвдиалит тасының құрметіне мүкжидек дәмі бар қызыл лимонад;
- аметист тасының құрметіне лаванда дәмі бар күлгін лимонад;
- амазонит тасының құрметіне Blue Curaçao («Көгілдір лагуна» коктейлінің дәмімен танымал) дәмі бар көгілдір лимонад;
- хризолит тасының құрметіне мохито дәмі бар жасыл лимонад;
- кварц тасының құрметіне зімбір дәмі бар күлгін лимонад.
Барлық лимонадтардың денсаулыққа еш қатері жоқ. Құрамына танымал жарқыраған шампанда қолданылатын тағамдық жылтырлар кіреді. Бірақ олар енді алкогольсіз газдалған сусын үшін қолданылған. Барлық сусын сироптарында табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштер бар.
Дереккөз: http://crispy.news