• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тамақты өңдеу дәрежесі өлім қаупінің артуына әкелуі мүмкін

Итальяндық ғалымдар ультра өңделген тағамды тұтыну өлім қаупінің артуымен тікелей байланысты деп есептейді. Зерттеушілердің айтуынша, азық-түлік өнімдерін алдын-ала таңбалау жүйесі тағамның қоректік құрамын ғана емес, өңдеу әдістерін де ескеруі керек.

 Жаңа зерттеу 22 000-нан астам адамның деректерін қамтиды. Олар 12 жыл бойы бақылауда болды, олардың денсаулығы мен тамақтану әдеттері, тағамдарының қоректік құрамы және тұтынылатын тағамдардың өңдеу деңгейлері қарастырылды.

Нәтижесінде, азық-түліктің қоректік профилін зерттейтін Nutri-score фронталды таңбалау жүйесі және NOVA жіктеу жүйесі  тамақ өңдеу әдістерінің барлық себептерден болатын өлімдерге, атап айтқанда, жүрек-қан тамырлары ауруларына тәуелсіз қатысы бар екенін анықтады. Дегенмен, Nutri-score сапасы төмен болғандықтан өлім қаупін арттырады деп санайтын өнімдердің көп бөлігі негізінен жоғары деңгейдегі өңдеуден өткен өнімдер. Ал ультра өңделген тағамдардың өмірге қаупі өнімнің төмен қоректік сапасына байланысты деректерді алып тастағанның өзінде де жоғары болып қала береді.

Ғалымдар өлім қаупіне әсер ететін негізгі фактор оның қоректік құрамы емес, тағамды өңдеу дәрежесі болып табылады деген қорытындыға келді. Nutri-score «денсаулыққа зиянды» деп есептейтін азық-түліктердің 80%-ға жуығы ультра өңделген деп есептейді.

Авторлар тағамдық ұсынымдар мен тағамды таңбалау талаптарын жақсарту кезінде олардың зерттеу нәтижелерін ескеру қажет екеніне сенімді.

Дереккөз: http://doi.org/10.1136/bmj-2022-070688