• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тамақ өнімдеріндегі фосфор эфирлері

Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеу тамақ өнімдерінде фосфор эфирлерінің көптігін дәлелдеді.

Фосфор эфирлері (немесе органикалық фосфаттар) жиһаз және тоқыма бұйымдары, құрылыс, тамақ өнімдерінің орама материалдары және басқа да тұтыну өнімдерінінің құрамында қолданылатын жалынға қарсы химиялық қосылыстар болып табылады. Бирмингем университетінің ғалымдары азық-түлік өнімдерінде бұл заттардың болуына жан-жақты баға берді. Түрлі өнімдердің 400-ден астам үлгілері сынақтан өтті.

Тексерілген барлық үлгілердегі фосфат деңгейлері реттеушілер денсаулыққа қауіпті деп белгілеген мөлшерден аспайды. Дегенмен ғалымдар бұл зерттеу сала үшін «дабыл қағатын қоңырау» болуы керек дейді. Фосфор эфирлері уақыт өте келе май тіндерінде жиналып, ұзақ мерзімнен кейін адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін. Әлем бойынша оларды пайдалану деңгейі артқандықтан, зерттеушілер контаминанттардың шығу көзі мен оларға балама табу жолдарына көңіл бөлуіміз қажет деп санайды.

Барлық зерттелген азық-түлік өнімдері 15 топқа бөлінді, олардың қатарына жануарлардан алынатын өнімдер, өсімдік өнімдері де кірді. Сынақтар сегіз түрлі фосфаттың бар-жоғын анықтау мақсатында жүргізілді. Ең жоғары концентрациялар сүт пен сүт өнімдерінде, одан кейін жарма мен астық өнімдерінде табылды. Құрамында фосфор эфирі ең аз өнім тауық жұмыртқасы екені анықталды. Зерттеушілердің айтуынша британ азық-түліктеріндегі эфир деңгейі басқа елдермен пара-пар.  

Зерттеушілер сонымен қатар төрт жас тобының – нәрестелер, балалар, ересектер және қарт адамдардың  бір тәулікте контаминантты қандай мөлшерде тұтынатынын есептеді. Нәрестелер органикалық фосфаттардың шамамен 39%-ын бала тағамынан алады, ал фосфаттың (27%) балаларға алкогольсіз сусындардан келеді. Ересектер мен қарт адамдарға көбіне астық өнімдері (25%) және жемістерден (22%) келіп түседі.

Ғалымдардың айтуынша, ересектер мен қарт адамдардың фосфор эфирлерін тұтыну мөлшері жалпы қауіпті деп саналатын деңгейден әлдеқайда төмен. Ал балалар мен нәрестелер үшін бұл деңгей үлкен алаңдаушылық тудырады.

Дереккөз: http://dx.doi.org/10.2139/ssrn.4141108