• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Қантты азайтып, дәмін сақтап қалу

Азық-түлік пен сусындардағы қант мөлшерін азайту туралы әңгіме жиі қозғалып жүр, рецептура мен бренд әзірлеушілері құрамында қант мөлшері аз өнімдердің дәмі мен оларды өндіру технологиясын жақсартуға көңіл бөлуде.

Қант мөлшерін азайту сусындар мен тамақ секторындағы негізгі үрдіс болып қала береді. Алкогольсіз сусындарды таңдау кезінде тұтынушылар көбіне табиғи жеміс шырындарындағы қанттың көптігіне назар аударады. Нәтижесінде мұндай өнімдерді тұтынатындар саны азайып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, қант мөлшері аз өнімдерді өндірудегі басқа маңызды үрдістерге құрамның қарапайым және тұтынушыға түсінікті болуы, өсімдік негізіндегі тәттілендіргіштерді пайдалану және ГМО-ның болмауы кіреді. Өндірушілер жаңа технологияларды қолдану жолдарын белсенді түрде іздестіруде, өндірісте жаңа өзгерістер байқалады.

Мәселен, Better Juice компаниясы өз өнімдеріндегі қантты басқа ингредиенттермен алмастырмай, табиғи көздерден келетін қантты азайту жолдарын қарастырып жатыр. Компания фруктоза, глюкоза және сахароза сияқты қарапайым қанттарды пребиотикалық диеталық талшықтарға және басқа да сіңірілмейтін молекулаларға айналдыру үшін ашыту процесін пайдаланады. Оған қоса, Better Juice компаниясы жемістердің дәмін, оның дәрумендері мен қоректік заттарын толықтай сақтап қалуға тырысады. Компанияның айтуынша, технологияның көмегімен табиғи жеміс шырындары мен пюре құрамындағы қантты 80%-ға азайтуға болады.

Дегенмен, балама өнімдердің, сондай-ақ қанты аз өнімдердің үйлесімді дәмі болуы маңызды. Мысалы, Б.Т. Sweet компаниясы өз назарын тәттілендіргіштерден туындайтын кез келген жағымсыз иістерді кетіруге бағыттап отыр. Компанияның айтуынша, нарықтағы басқа ұсыныстарға қарағанда Cambya өнімінен кейін ұзаққа созылатын дәм қалмайды. Cambya өнімін әзірлеу кезіндегі басты мақсат ешқандай жанама әсері жоқ, дәмі қантқа барынша ұқсас өнім жасау болатын. Еритін талшықтарға, архатқа және басқа да бірқатар өсімдіктерге негізделген формула, сондай-ақ патенттелген маска агентін пайдалану бұған қолжеткізуге мүмкіндік берді.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com