Судан жасалған желе Жапонияда ең танымал сусындардың біріне айналды. Былтыр сатылымға шығып, жазғы хитқа айналд, JR East Cross Station WATer Business Company өндіруші компаниясы жоспарланған сатылымын 2,8 есе орындады.
AQUA Water Jelly атауына сеніп, бұл желе формасындағы су деп ойлауыңыз мүмкін, алайда бұл рамунэ дәмі бар хош иістірілген өнім. Энергетикалық құндылығы 100 мл 55 ккал құрайды, газдалаған сусындардың кұндылығы едәуір аз болып келеді.
Aqua судан жасалған желені алдымен салқындату қажет, сонда ол желе формасын қабылдайды, ал мұздататын болсаңыз сорбет ретінде жей аласыз. Судан жасалған желе ағын жылдамдығы баяу болғандықтан жасы келген немесе жұту қиындықтары бар адамдарға ағза ылғалдығын сақтауға арналған деген ой бар. Дегенмен, нарықтық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, бұл өнім 30-50 жас аралығында аса танымал.
Былтыр сәтті бастамадан кейін өндіруші өндіріс мөлшерін ұлғайтты, cондай-ақ 515 г мөлшеріндегі үлкен бөтелке ұсынды. Судан жасалған желе қазіргі күні тек Жапонияда қолжетімді.
Дереккөз: http://esoreiter.ru