Финляндиядағы VTT техникалық зерттеулер орталығы Olefy Technologies компаниясын ашылуы туралы жариялады, олардың айтуынша жаңа технология әлемдік пластик қалдықтарының көбісін таза сапада қайта өңдеп шығара алады.
Пластик қалдықтары жаһандық мәселе екені бәрімізге мәлім. Соған қарамастан, әлемдегі пластиктің тек 8-10% қайта өңделеді. Басты мәселелердің бірі – қалдықтардың шектеулі мөлшері ғана қайта өңдеуге жарамды. Оған қоса, қайта өңделген пластикті азық-түлік пен дәрі-дәрмек қаптауға жарамсыз. Сондықтан, қазіргі таңда пластик қалдықтарының көп бөлігі қоқысқа кетеді.
VTT жаңа мекемесі “пластикті айналым экономиканың толыққанды бөлігі” етіп, пластик қалдықтарының азайтуға арналған технологияны дамытып, масштабтауға бағытталған. Орталық ғалымдары қырықтан астам жыл термалдық конверсия әдісін сынақтан өткізді. Ғалымдарға сүйенетін болсақ, тіпті төмен сапалы пластик қалдықтарынан “таза сапада” пластикті бірнеше рет қайта өңдеп шығару мүмкіндігі бар.
Пластикті олефиндер мен басқа бағалы көмірсутектерге бөлетін технология газдандыру негізіне әзірленген. Бұндай жолмен алынған олефиндер мұнайдан алынатын бастапқы күйдегі олефиндерге ұқсас, яғни оларды азық-түлік пен дәрі-дәрмек өндірісінде пайдалануға болады. VTT мәліметтері бойынша, патенттелген технология қалдықтардан таза сапалы пластмасса мен химиялық шикізаттың 70%-дан астамын алуға қабілетті. Жаңа процесс, шын мәнінде, қайта өңдеу құнын айтарлықтай төмендетеді және пластик қалдықтардың тіпті үлкен шөгінділерімен тиімді күресетін бір ғана кезеңнен тұрады.
VTT жаңа технологияның маңызды артықшылығы нәтижесінде алынған жоғары сапалы пластмассаларды шексіз дерлік қайта өңдеу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Орталық зерттеушілері қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы «кванттық секіріс» және «көміртегі бейтараптығы» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам деп атайды.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com