• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Ультра-өңделген тағамдар мен деменция даму қаупі

Қытай ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сәйкес чипстер мен тәтті тоқаштар, алкогольсыз сусындар сияқты ультра-өңделген тағамдарда көп тұтынатын адамдарда деменция даму қаупі бар. 

Зерттеуде ультра-өңделген тағамдар орнына өңделмеген немесе аз мөлшерде өңдеуден өткен тағамдар тұтыну деменция даму қаупін азайтады деп айтылған. Сондай-ақ авторлар, ультра-өңделген тағам деменция тудырмайды, тек белгілі ассоцияны бейнелейді деп айтады.

Ультра-өңделген тағамдар қант, майлар мен тұзға бай болады, ал ақуыз мен целлюлоза жетіспейді. Бұл санатқа негізінен алкогольсыз сусындар, тәтті және тұзды тіске басарлар, балмұздақ, шұжықтар және тағысын тағы кіреді. Зерттеуге британдық биобанктен 70 мыңнан астам адамның деректері пайдаланды. Ғалымдар жасы 55 асқан, зерттеу басталған сәтте деменция болмаған қатысушылар деректерін пайдаланды. Көрсеткіштер 10 жылдан астам уақыт ішінде бақыланды, бақылау аяқталған сәтте 518 адамға деменция диагнозы қойылды. 

Күнделікті тамақтану рационына байланысты барлық қатысушылар ультра-өңделген тағам тұтыну деңгейіне қарай топтарға бөлінді. Ең төмен тұтынатын топта күнделіті тамақтану рационының 9% құраса, ең көп тұтынатын топта 28% құрады. Ең көп тұтынатын ультра-өңделген тағамдар арасында тәтті сусындар, тәттілер мен сүт өнімдері болды. Ең аз тұтынатын топта 18021 адамның 105-інде деменция дамыған, ал ең көп тұтынатын қатысушылардың ішінде 18021 адамның 150-де деменция дамыған. Қатысушылардың жасы, жынысы мен қосалқы ауруларын ескере отырып, ультра-өңделген тағамдарды әр 10% көп тұтыну 25% -ға деменция даму қаупін ұлғайтады. 

Сонымен қатар ғалымдар тұтынылатын ультра өңделген тағамдардың 10% -ын пайдалы тағамдармен алмастыру деменцияның даму қаупін 19% -ға дейін төмендететінін атап өтті.. Авторлар тамақтану рационындағы аздаған өзгерістердің өзі осы қауіптерге әсер етуі мүмкін екенін айтты, бірақ нәтижелерді растау үшін қосымша зерттеулер қажет.

Дереккөз: http://doi.org/10.1212/WNL.0000000000200871