Норвегияның ғылыми-зерттеу кеңесі ірі ауқымды жасушалық ауыл шаруашылығы технологиясын дамыту жобасы іске қосыласатынын жариялады. Жоба мемлекеттік қаржыландыру алады, сондай-ақ бірқатар ғылыми-зерттеу ұйымдары қатысатын болады, олардың ішінде, Норвегиялық тамақ өнімдері, балық шаруашылығы мен аквадақыл зерттеу институты, Норвегиялық ауыл мен аймақтық зерттеу институты, тағысын тағы.
Жобаның мақсаты “болашақ азық” өндіру технологиясын дамыту, жоспарға сәйкес жоба 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін, яғни 5 жылға созылады. Ғалымдардың міндеті әзірлеу ғана емес, мәселенің әлеуметтік жағына да көңіл бөлу, яғни адамдар зертханада әзірленген азықты пайдалануға дайын ба?
Жасушалық ауыл шаруашылығы негізге екі түрге бөлінеді: зертханаларда ет өсіру мен дәл ферменттеу. Жобаның маңыздылығы екі әдісті пайдалана отырып, сүт, жұмыртқа мен ет ақуызын өсіру. Дәл ферменттеу күрделі органикалық молекулаларды, ең алдымен ақуыздарды жасау үшін ашытқы микроорганизмдерін бағдарламалауды қажет етеді. Жұмыртқа мен сүт ақуыздарының «зертханалық» өндірісі тұрақты даму мен қоршаған ортаға кері әсерін азайту тұрғысынан болашақта әлеуетті болып табылады.
Жасуша негізінде ет өсіруге келетін болсақ, ғалымдар тағам өндірісінен қалған биомасса негізінде бұлшықет жасушаларын өсіруді көздеп отыр. Көп мөлшерде ет өндіру мүмкіндіктерін табу мен жасуша өсіруге арналған орта табу басты мәселелердің бірі. Зерттеушілер тауық биомассалары мен жұмыртқа қабығы жақсы орта болады деген ойда. Дәл ферменттеу дәрі-дәрмек өндірісінде кеңінен қолданылады, алайда тамақ өндірісі үлкен мөлшерді талап етеді. Демек, жаңа технологиялар дәстүрлі азық өндірісіне бәсеке жасау үшін шікізат жеткілікті болу керек.
Тұтынушылар зертханада өсірлген ет пен ферметтеу жолымен әзірленген сүт пен жұмыртқа өнімдерін қабылдайды ма? Сауалнама нәтижелері аймақтан аймаққа өзгеріп отырады. Мысалы, 2020 жылы Аустралияда өткен сауалнамаға сәйкес 72% сұралғандар дастархандарына зертханада өскен ет қоюға дайын емес. Ал, Франция мен Германияда өткізілген сауалнамаға сай 44% француздар мен 58% немістер ондай еттен дәм татуға қарсы емес. Сүт өнімдеріне келетін болсақ, Ұлыбритания, Сингапур мен АҚШ зерттеулері бойынша тұтынушылар ферметтеу арқылы дайындалған өнімдерге қызығушылығы жоғары.
Ғалымдар ойынша зертханада өсірлген азық өнімдерінің “танымалдығын” кеңейту үшін өндіріс процессі мен жаңа технологиялар “денсаулыққа пайдалы” азық-түлік өндіру мүмкінгін тудыратынын түсіндіру қажет. Жоба аясында зерттеушілер қоғам мәселені қалай қабылдайтыны мен норвегиялық тұтынушылар талғамына көңіл бөледі.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com