• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Ресейде жаңа энергетикалық сусын ойлап табылды

Тамақ өндірісі жөніндегі Мәскеу мемлекеттік университетінің (МГУПП) магистранттары жаңа энергетикалық сусын жасап шығарғандарын хабарлады. 

Сусынның құрамына кокос сүтінің тиімді баламасы болып табылатын каштан сүті қосылған. Әзірлеушілердің айтуынша, каштан сүтінің консистенциясы сиыр сүтіне ұқсас келеді (сондықтан оларды араластыру өте ыңғайлы) әрі бағасы арзанырақ, кокос сүтінен дым кем емес және өте жағымды жаңғақ дәмі сезіледі. 

Рецептке ақуыз көзі ретінде сондай-ақ таурин, кофеин және сиыр сүті кіреді. МГУПП университетінің өкілдері сиыр сүтінің арқасында сусынның құрамында организм өздігінен синтездей алмайтын сегіз маңызды амин қышқылы бар екенін айтады. Әзірлеушілер зертханалық жануарларға зерттеу жүргізіп, жақсы нәтижелер алған: жануарлардың белсенділігі мен төзімділігі артқан. Сусынның қорек құндылығы жоғары болса да, артық салмақ тудырмайды. 

МГУУП университеті жобаның жаңа серіктестер тапқанын, барлық экономикалық есептері мен экономикалық тиімділігі есептелгенін атап өтеді. Сондай-ақ өз өндірістеріне сусын желілерін қосуды ойластырып жүрген бірқатар кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

 

Дереккөз: http://iz.ru