• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Қантқа қарағанда тәттірек ақуыздар

Joywell Foods стартапы арнайы ақуыздары бар алғашқы өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр, олар өнімге тәтті дәм беретіні, алайда қандағы глюкоза деңгейі бойынша қауіп төндірмейтіндігі айтылады.

Компания экзотикалық жеміс-жидектердің құрамындағы ақуыздарға ұқсас тәтті ақуыздарды өндіру үшін патенттелген микробиологиялық ашыту процесін пайдаланады. Joywell өкілдері бұл ақуыздардың қантқа қарағанда екі мың есе тәтті екенін, бірақ қандағы глюкоза деңгейіне және ішек микробиомасына әсер етпейтінін айтады. Сонымен қатар, мұндай ақуызды құрамында қанты бар кез келген өнімге өндіріс кезінде қосуға болады.

Компания мамандарының айтуынша, биологиялық тұрғыдан адам қантқа құмартуға бейім және бұл қалыпты жағдай. Бүгінгі күні тұтынушылардың 70% -ға жуығы қант мөлшерін азайтуға тырысып жатса да, басты қиындық қосылған қанттар болып тұр. 

Стартап тәтті сусындар мен шоколад жасаумен айналысады. Құрамында қанты бар кез келген өнім өндірісін үйренуді жоспарлап отыр. Дегенмен, компания әлі бақылаушылардан рұқсат алуы қажет. Joywell стартапының қарамағында әртүрлі жеміс-жидектерден алынған алты ақуыз бар. Болашақта бұл әзірлемелер қант қолданысын азайтып қана қоймай, қант қамысы алып жатқан алқаптарды босату мүмкіндігін береді. 

Дереккөз: http://crispy.news