• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

ДДСҰ: тәттілендіргіштер жұқпалы емес аурулармен күресуде панацея емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жаңа ұсыныс жобасында тағамдық тәттілендіргіштерді салмақты бақылау немесе жұқпалы емес аурулардың қаупін азайту құралы ретінде пайдалануға болмайды делінген.

ДДСҰ тұтынушыларға күнделікті қант тұтыну мөлшерін жалпы энергия тұтынудың 10% (тәулігіне 50 г) және ең дұрысы 5% (тәулігіне 25 г) дейін азайтуды ұсынады. Ұйымның жаңа жетекші құжатының жобасы тәттілендіргіш қолдану қант тұтынудың азаюына әкелетініне күмен келтіреді. Бұл жағдайда аспартам, стевия және сукралоза сияқты калориясыз немесе калориясы өте төмен тәттілендіргіштер сөз болып отыр, дегенмен жобада олардың толық тізімі берілмеген. Сонымен қатар ДДСҰ жаңа ұсыныстардың қант диабетімен ауыратын адамдарға арналмағанын атап өтеді.

Жаңа құжат тәттілендіргіштерді қауіпті деп есептемейді, алайда олар көбіне «жоғары өңделген» және «зиянды» тағамдарда көп қолданылатынын және адамның дұрыс тамақтана бастауына түбегейлі әсер етпейтінін дәлелдейді. Қант, әдетте, қоректік құрамы «жағымсыз» өнімдер мен сусындарда жиі кездесетіндіктен, қантты тәттілендіргіштермен жай ғана алмастыру оның «зиянды» элементтерін жоймайды  және одан астың жалпы сапасы өзгеріп кетпейді.

ДДСҰ сарапшыларының айтуынша, тәттілендіргішті қолдану кезінде қысқа мерзімде жағымды әсерлер (мысалы, салмақ жоғалту) көрінгенімен, ұзақ мерзімде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, өлім қаупінің жоғарылауы сияқты жағымсыз әсерлер де орын алуы мүмкін. Дегенмен, ұйымның өзі атап өткендей, мұндай қауіпті ыспаттайтын дәлелдер қоры өте шектеулі.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com