Ұлыбритания кәмелетке толмаған жастарға энергетикалық сусындарды сатуды шектеу пікірінен бас тартты.
2019 жылы үкімет кофеин мен қант мөлшері жоғары сусындардың сатылымын тоқтату туралы жоспарын жариялаған болатын. Бастамашылар балалардың осы өнімдерді шамадан тыс тұтынатынын және оның салдарынан туындайтын зардапты азайту үшін профилактикалық шара ретінде оларды сатылымнан алып тастау қажет екенін айтқан еді.
Алайда қазір бұл пікірден бас тартылды. Британдық денсаулық сақтау министрлігіне жақын дереккөздердің айтуынша, осындай бастамаларға өте мұқият қараған жөн, тұтынушының жеке таңдауы мен жеке жауапкершілігі өте маңызды. Сондықтан энергетикалық сусындардың сатылымын тоқтатуды министрлік енді қарастырмайды.
Кейбір шенеуніктер тарапынан шай мен кофеге де тыйым салу керектігі ұсынылғанда, бұл жоспардан бас тартылды. Қазіргі уақытта, үкімет осындай радикалды көзқарастан алшақ болуға тырысады.
Бірқатар сарапшылар шай мен кофедегі кофеиннің ұзақ мерзімді залалы туралы нақты дәлелдер жоқтығын алға тартып, пікірдің өзін сынға алды және ұсынылған шаралардың қисынсыз екенін атап өтті. Энергетикалық сусынның бір банкасында кофенің басқа көп түрлеріне қарағанда кофеині аз болғандықтан, неліктен энергетикалық сусындарға ғана тыйым салу керектігі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеді.
Дереккөз: http://thesun.co.uk