• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

D дәруменін алу үшін шырындарға қарағанда су мен сүт лайықты

Даниялық ғалымдардың жаңа зерттеуі D дәруменінің биожетімділігі су мен сүтте жоғары екенін көрсетті.

D дәрумені тапшылығы жаһандық денсаулық сақтау проблемасы болып табылады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Еуропадағы халықтың шамамен 40%  D дәрумені тапшылығынан зардап шегеді. Бұл жағдайда жағымсыз әсер балалардағы рахит пен ересектерде бұлшықет әлсіздігі болуы мүмкін. Сондықтан D дәруменін қабылдау және сіңіру мәселелері ерекше маңызды болады.

Мәселені шешудің бір жолы, азық-түлік өнімдерін дәрумендермен байыту, алайда, олардың биоқолжетімділігі туралы ақпарат аз. D дәруменін майлы тағамдарға қосу, оның биоқолжетімділігін ұлғайтады деген түсінік бар. 

Ғалымдар зерттеулерінде әртүрлі азық-түлік өнімдерін D3 дәруменімен байыту тиімділігін зерттеді. Рандомизацияланған зерттеуге 60-80 жас аралығындағы әйелдер қатысты, барлығында  D  дәрумені жетіспеушілігі бар. Қатысушылар D дәрумені қосылған су, сүт және шырынды кездейсоқ тәртіппен ішті, және плацебо ретінде таза су берілді. 

Зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, D дәруменінің биоқолжетімділігі шырынға қарағанда су мен сүтте едәуір жоғары болып шықты. Қызығы, су мен сүт арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмады, дегенмен сүттегі май үлесі жоғары. Авторлар D дәруменінің сіңуіне шырынға қарағанда су мен сүт лайықты деген түйіндемеге келді. 

Дереккөз: http://10.1530/endoabs.81.RC8.3