Kerry компаниясы азық-түлік нарығындағы соңғы трендтер бойынша бақылаулар нәтижесін жариялады. Компания өкілдерінің айтуынша, соңғы жылдары бұл салада көп өзгерістер байқалады.
Kerry соңғы зерттеулеріне сәйкес, адамдардың көбі пайдалы қоспаларды таблетка түрінде емес, тамақпен бірге қабылдағанды қалайды. Осыған байланысты бүкіл әлем бойынша сарапшылар көріп отырған «күнделікті» тағамдар мен сусындардағы пайдалы ингредиенттерге деген қызығушылықтың артып отыр. Техникалық тұрғыдан бұл жаңа үрдіс емес, тек пандемия кезінде әсіресе күшейді. Kerry алдағы жылдары «функционалды» өнімдерге сұраныс күшті болады деген болжам жасап отыр.
Тағы бір ескеретін фактор – реттеушілердің қысымымен өнімдерді қайта құру. Мысалы, қантқа салынған салық. Алкогольсіз сусындар санатында мұндай салықтардың алғашқыларының бірі Венгрияда 2011 жылы енгізілді, содан бері көптеген елдер оны ұстана бастады. Сонымен қатар, тұз бен май сияқты басқа да қоректік заттар реттеушілердің назарын көбірек аударуда. Kerry сарапшылары мұндай реттеу тек күшейетініне сенімді. Қантқа салықты енгізу өнімдердегі қанттың бірте-бірте азаюына әкеледі, тұз келесі кезекте «мылтық астында» болады деп санайды.
Kerry жаһандық деңгейде нарыққа әсер ететін күштердің бірі – климат екенін атап өтті. Соңғы жылдары климаттық кризис күшейіп келеді, сондықтан көп елдерде үкімет қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатымен қатаң ережелер орнатып жатыр. Бұл тренд өз кезегіне тұтынушылар тарапынан қолдау тауып жатыр, яғни “тұрақтылық” қағидалары ескере өндірілген азық-түлік өнімдеріне сұраныс көбейді.
Сонымен қатар сарапшылар инфляция барын да еске салады. Ағымдағы азық-түлік секторындағы инфляция өте жоғары деңгейде. Бұл тұтынушылар әдеттеріне де әсер етіп жатыр, ритейлер тауар маркалары өнімдеріне және дискаунттар танымалдығынан аңғара аламыз.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com