• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Көктерек жапырағынан жасалған сусын

Жергілікті флораға негізделген өнім «Югра» технопаркінің резиденті болып табылатын «Солтүстік аумақтардың биологиялық белсенді заттары» ғылыми-өндірістік орталығының базасында әзірленген.

Орталықта азық-түлік өнімдерін өндіру үшін әртүрлі компоненттерді пайдалану ғылыми тұрғыдан қарастырылған. Зерттеуге Югра шайының пайдалы қасиеттерін анықтауға дәрігерлер, диетологтар және басқа да мамандар қатысты. 2018 жылы зерттеушілер көктерек жапырағына пайдалы өнім жасауға болатын негіз ретінде қызыға бастады. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін табиғат сыйларын дәстүрлі түрде пайдаланатын жергілікті халық өкілдері ғана оған назар аударған. Ал енді толыққанды өндірісті іске қосу перспективасы әбден мүмкін.

Мамандар жергілікті дәрілік өсімдік шикізатының құрамын қарастыруда. Осы жұмыс аясында көктерек жапырақтары да зерттелді. Халық медицинасында көктерек қабығы қолданылатыны белгілі. Бірақ оны алу үшін ағашты шабуға тура келеді. Жапырақтар қайта өсетіндіктен орманды құрту қажеттілігі туындамайды. Егжей-тегжейлі зерттеуден кейін зерттеушілер ағаштың қабығына немесе тамырына қарағанда жапырақтарында пайдалы микроэлементтер көбірек деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ ғалымдар көктерек өсетін жерлердегі экологиялық жағдай туралы мәліметтер жинап, қоршаған ортадағы ауыр металдар мен басқа да зиянды элементтердің деңгейі қатаң экологиялық талаптарда көрсетілгеннен әлдеқайда төмен екеніне көз жеткізді. Керекті жапырақтарды жинауға жергілікті тұрғындар тартылады, олардан шикізат белгіленген тариф бойынша сатып алынады. Көктерек жапырағының шайы компанияның бірінші патенттелген өнімі болды. Өнімге жалбыз, мыңжапырақ, күреңот, қарақат жапырақтары, қызылжидек және т.б. қосуға болады.

Өндіріс үшін тек ұнтақтауға арналған өнеркәсіптік ет тартқыш, таразы, қораптарды орау және тығыздау үшін жабдықтар, жапырақтарды сақтауға арналған мұздатқыш қажет. Көктерек жапырағындағы биологиялық белсенді зат – салицин. Бұл аспириннің табиғи аналогы. Әсері де ұқсас, яғни қабынуға қарсы қасиеттері бар. Зерттеушілердің пікірінше, дене қызуын түсіру үшін бір-екі стакан ішуге немесе буын ауруларына қолдануға болады.

Ұнтақталған күйдегі немесе қалташадағы көктерек шайын жергілікті өндірушілердің өнімдерін ұсынатын Ханты-Мансийск және Сургут қалаларындағы сауда орындарынан сатып алуға болады. Үлкен желілерде бұл өнім әлі табылмайды. Жалпы, компания көктерек жапырағынан сегіз түрлі өнім әзірледі. Оларға салқын шай, тағамдық қоспалар өндірісінде қолдануға болатын сығынды, нан өнімдері және басқа да аспаздық өнімдерді өндіруге арналған қоспа, сусындарды өндіруге арналған құрғақ қоспа және т.б. кіреді.

Дереккөз: http://ugra-news.ru