Британдық Britvic компаниясының сарапшылары алкогольсіз сусындар санатындағы 2022 жылғы тұтынушылардың негізгі трендтері туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, тұтынушылардың шамамен 85%-ы қазір дұрыс тамақтанудың қандай да бір түріне басымдық береді: адамдардың 27% -ы қантты азайтуға, ал 25% -ы көбірек сұйықтық ішуге тырысуда, ал 32% -ы жемістер мен көкөністерді көбірек жеу өте маңызды деп санайды. Сарапшылар қантты тұтыну деңгейі пандемия кезінде әртүрлі болғанын атап өтеді – кейбір сату арналары қантсыз немесе аз мөлшерде қант қосылған сусындардың сатылымы артқанын көрсетсе, ал басқалары, керісінше, қантты сусындарды тұтынудың артқанын байқаған. Жағдайға белгілі бір өнімдердің қолжетімділігі айтарлықтай әсер еткен болуы да мүмкін.
Жалпы алғанда, алкогольсіз сусындарды таңдауда қант құрамы басым фактор болып қала береді. Тұтынушылардың 55%-ға жуығы қантты көп тұтынуға алаңдаушылық көрсетіп, жеміс шырындары мен смузилерді аз іше бастаған, ал бір сусынның орнына басқасын таңдаудағы басты себеп – құрамындағы қанттың аздығы.
Жалпы денсаулыққа деген көзқарас үнемі түрленіп келеді және соңғы бірнеше жылдағы қиындықтар тұтынушылардың менталды денсаулық мәселелеріне назарын айтарлықтай арттырды. Адамдардың жартысына жуығы өздерінің физикалық және менталды саулығын бірінші орынға қояды. Ал тұтынушылардың үштен екісіне жуығы «жеген тамағың эмоционалдық күйіңе тікелей әсер етеді» дегенмен келіседі. Бұл 2020 жылдан бастап әртүрлі ынталандырушы сусындардың танымалдылығының артуын түсіндіреді.
Тұтынушылар, сондай-ақ өнімнің функционалдық қасиеттеріне көбірек көңіл бөледі. Адамдардың жартысына жуығы (48%) тағам мен сусындарды таңдағанда олардың денсаулыққа пайдасының маңыздылығы туралы айтады. Функционалды сусындар бұл санаттың әлі де шағын болғанына қарамастан, айтарлықтай өсуді көрсетеді (барлық сату арналарында болмаса да). Сарапшылар бұл тауаша премиум ұсыныстар үшін жақсы мүмкіндіктер беретінін атап өтеді, өйткені тұтынушылар пайдалы тағамдар үшін көбірек төлеуге дайын.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com