Гонконг университетінің бір топ ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қант тұтынуды азайту жөніндегі қазіргі ұсыныстарына күмән келтірді. Зерттеушілердің пікірінше, денсаулықты сақтау үшін бос қант тұтынуды барлық көздерден күнделікті энергия қолданысынан 10% -дан төмен дәрежеге дейін азайту қажеттілігі нақты деректермен дәлелденбеген.
Ғалымдар өз еңбектерінде қанттың бүкіл әлемде кеңінен тұтынылатынын жазады. Қосылған немесе бос қанттарды көп тұтыну семіздікке және оған қатысты метаболизмдік ауруларға әкеледі деген жалпы пікір болғанымен, бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер де бар. Зерттеушілер маңызды нәтижелерді бөліп алып, қантты көп тұтынудың денсаулыққа әсері туралы ағымдағы деректер жинағындағы негізгі кемшіліктерді анықтауға тырысты.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер сахарозаны немесе фруктозаны көп тұтыну бауыр мен қаңқа бұлшықетінде инсулинге төзімділікті және одан кейін гипергликемияны (басқаша айтқанда, қандағы глюкозаның тым артуына әкеледі) тудырады. Дегенмен, бақылау зерттеулері мен адамдарға жүргізілген клиникалық сынақтардың дәлелдері бірмәнді емес. Қантты көп тұтынуды семіздікпен байланыстыратын осындай зерттеулердің көпшілігі (бәрі десек артық айтқан болмас), құрамында қанты бар сусындарға жүргізілген, ал қатты тағамдағы қанттарға арналған зерттеулер нөлдік нәтиже берген.
Ғалымдардың айтуынша, зерттеудің қысқа мерзімділігі, жануарларға жүргізілген зерттеуде қант немесе фруктозаның жоғары дозасын пайдалану, денсаулыққа қатты және сұйық қанттың әсерлерін тікелей салыстырудың болмауы, сондай-ақ тиісті бақылаудың жоқтығы сияқты қазіргі дәлелдер жинағындағы елеулі кемшіліктер нәтижелердің нақты өмірдегі жарамдылығын біраз шектейді. Қантты қалыпты дозада «көп» қабылдау (мысалы, тәуліктік энергия тұтынудың 25%), яғни қанттың, әсіресе, қатты күйдегі ерекше әсері денсаулыққа қауіп төндірмеуі мүмкін. Бұл ас үлесіндегі қоректік заттардың жалпы тығыздығының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бірақ жаңа деректер бұл нәтиже қантты «аз» тұтыну кезінде де өзгермейтінін көрсетеді (күнделікті энергия тұтынудың 5%-нан аз).
Зерттеушілер бос қанттардың қатты және сұйық түрлерін тұтынуды азайтуды ынталандыру бойынша қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қазіргі ұсыныстары (мысалы, тағам өнімдерін қайта құрудың әртүрлі бағдарламалары) қантты сусындарға жүргізілген зерттеу нәтижелерінің шамадан тыс жалпыланғанына байланысты қайта қаралу керек деген қорытындыға келеді.
Дереккөз: http://doi.org/10.1093/ajcn/nqac084