• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Сусындар мен азық-түліктерге арналған өсімдік негізіндегі жаңа ингредиенттер

Nektium испандық ингредиенттер жеткізушісі алғаш рет тамақ және сусындар секторына өсімдік негізіндегі құрамдастар ұсынып, портфолиосын кеңейтуде. Компанияның клиникалық сынақтан өткен өсімдік негізіндегі сығындылары  биологиялық белсенді қоспалар мен нутрицевтикалармен шектелмей, «күнделікті» өнімдердің кең ауқымды өндірісінде қолдануға қолжетімді болады.

Nektium портфеліне спортшылардың психикалық және физикалық көрсеткіштерін жақсартатын манго жапырағының ерекше сығындысы Zynamite сияқты өнімдер кіреді. Тағы бір мысал – адаптоген Rhodiolife, когнитивті денсаулық пен төзімділікке оң әсер ететін родиоланың шөп сығындысы. Барлық өнімдердің әсері тиісті клиникалық зерттеулермен расталған.

Компания өкілдерінің айтуынша, әзірлеу мен  өндіріске айтарлықтай қаржы салу арқылы олар өздерінің өсімдік негізіндегі ингредиенттерін спорттық және энергетикалық сусындар, сүт өнімдері, шайнайтын кәмпиттер мен дәнді батончик сияқты өнім санаттарына бейімдей алған. Бұл оңай жұмыс болмады, өйткені ғалымдарға әртүрлі құрамдастар арасындағы ықтимал өзара әрекеттесулерді, қауіпсіздік мәселелерін ескеруге, сондай-ақ ингредиенттерді дайын өнімге біріктіру, оның тұрақтылыққа, түске немесе органолептикалық сипаттамаларға теріс әсер етпеуін қамтамасыз ету керек болды.

Өсімдік негізіндегі ингредиенттер, дайын өнімнің мәлімделген пайдалы қасиеттерін көрсетуі үшін сусын мен азық-түлік өндірушілері құрамдастардың дозасы мен биожетімділігін қоса алғанда, бірқатар аспектілерді ескеруі керек. Nektium тұтынушыларымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, осындай қиындықтарды шешуге көмектеседі. Компания ингредиенттері әртүрлі өнімдердің құрамында қолданылатындықтан, компания соңғы өнімдерге әдетте биожетімділік сынағын жүргізбейді. Оғар қарамастан, зерттеушілер белсенді ингредиенттердің сіңуіне оң және теріс әсер етуі мүмкін азық-түлік матрицаларының күшті дерекқорына ие. Дайын өнімнің соңғы рецептурасын жасау кезінде бұл ерекшеліктерді мұқият талдау керек.

Nektium мәліметтері бойынша, тұтынушылардың денсаулығына оң әсер ететін, әрі психикалық және физикалық әл-ауқатқа пайдасы бар тамақ өнімдеріне сұраныс артып келеді. Компания олардың инновациялық ингредиенттері тамақ пен сусын брендтеріне жаңа тұтынушыларды тартып, капиталдарын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді. 

Дереккөз: www.foodnavigator.com