• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Мономатериалдан жасалатын қағаз бөтелке

Американдық сусын өндірушісі Keurig Dr Pepper Inc. (KDP) және қаптама өндіруші Papacks (Германия) толығымен қайта өңделетін және компосттелетін қағаз бөтелкесін жасау мақсатында әріптестіктің басталғаны туралы жариялады. 

KDP мәліметтері бойынша, бұл инновация компанияның «Drink Well. Do Good» корпоративтік жауапкершілік платформасының шеңберінде 2025 жылға қарай таза пластикті пайдалануды 20%-ға қысқарту жөніндегі талпынысын қолдауға мүмкіндік береді.

Өсімдік негізіндегі ПЭТ пластика немесе полимермен қапталған экологиялық таза целлюлоза қолданылатын сусындар қаптамасының басқа баламаларынан айырмашылығы, KDP 100% пластмассасыз бөтелке жасау үшін талшықтар мен органикалық материалдарды пайдаланатын Papacks технологиясын қолданады. Мақсат – бөтелкені, затбелгіні, қалпақша мен қақпақты қоса алғандағы барлық қаптамалар АҚШ елінің көптеген елді мекендерінде басқа қағаз өнімдерімен бірге компостталатын немесе қайта өңделетін болуы.

Жаңа бөтелкенің сынақ нұсқасы 2022 жылдың соңында күтілуде. Жоспар KDP сусындарының таңдаулы өнімдерімен, оның ішінде су, шырын, газдалған сусындармен инновациялық қаптаманы сынау болып табылады. 

Дереккөз: http://drinkinfo.ru