• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Цитрус тектестердің мидың саулығына әсері

Шығыс Англия университетінің жаңа зерттеуі цитрустық жемістер мен шырындарды тұтыну мидың саулығына, әсіресе қартаю кезінде оң әсерін тигізетінін көрсетті.

Авторлар жұмыстарында цитрус полифенолдарының қабынуға қарсы және антиоксидантты қасиеттері бар, олар мидың тіндерін зақымданудан, мысалы, қартаю кезінде немесе кейбір аурудан қорғауда маңызды деп тұжырымдайды.

Зерттеу барысында цитрус флаваноидтарының ми жасушаларына әсері туралы бірнеше жүздеген жұмыстан алынған мәліметтер талданды. Авторлар цитрус жемістерінің биологиялық белсенді компоненттері дені сау адамдар үшін де, қартаю салдарынан танымдық қабілеттерінің төмендеуі байқалған жағдайда да организмнің когнитивті қызметіне оң әсер ететініне сенімді.

Ми жасушаларының зақымдануы – Альцгеймер ауруы сияқты жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларының алғашқы белгілерінің бірі. Авторлардың пікірінше, зерттеудің кейбір тармақтары цитрус жемістерінің мұндай аурулардың даму қаупін азайту мүмкіндігі бар екенін көрсетеді, бірақ қазіргі дәлелдемелер қандай да бір мәлімдеме жасауға жеткіліксіз.

Авторлар цитрус шырынын мидың жұмысына оң әсерін толық негіздеу үшін мәселені әлі де тереңірек және мұқият зерттеу қажет екенін баса айтады.

Дереккөз: www.foodnavigator.com