• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жүкті кезде кофеин ішсе, баланың дамуына қалай әсер етеді?

Норвегияда анасы жүкті кезде кофеині бар заттарды тұтынса, ол 8 жасқа дейінгі баланың жүйке жүйесі дамуына қалай әсер ететіні туралы зерттеу жасалыпты.

Аталған жұмыста Новрегиялық ана, әке және баланың когорттық зерттеуінен 60 000-нан астам мерзіміне жетіп босанған жүктілік деректері қолданылған. Ғалымдар зерттеу үшін жүкті кезінде әйелдердің түрлі көздерден кофеин тұтынғаны туралы ақпарат алған. Ал баланың жүйке жүйесінің дамуын бағалау үшін 6, 18, 36 айларында және 5, 8 жаста тексеріс жүргізген. Яғни баланың тәртібі, темпераменті, моторикалық функцияларының дамуы, тілі шығуы сынды даму факторлары бақылауда болған.

Зерттеу нәтижесінде кофеин мен бала тәртібінде, мотрикалық функциялар және тілінің шығуына қатысты ауытқудың жоғары қатері арасында айтарлықтай байланыс табылмаған. Бір қызығы, қорытындыға сәйкес, барлығын бақылай келе, кофеиннің түр-түрін, яғни кофе, шай, алкогольсіз сусын не шоколадтан тұтыну кезінде бәрінде жүйелі нәтиже білінген. Авторлардың айтуынша, құрамында кофеині бар алкогольсіз сусындар мен шамадан тыс белсенділік арасындағы ассоциация тенденциясы кішігірім байқалған. Дегенмен оған кофеиннің қатысы жоқ деседі.

Осылайша аз не шамадан асырмаған мөлшерде кофеинді жүкті кезде ішетін болса, одан кері әсер немесе баланың 8 жасына дейінгі жүйке жүйесі дамуында ауытқу тудырмайды деген қорытынды жасалған.

 

Дереккөз: link.springer.com/article/10.1007/s00394-020-02280-7