• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жасанды интеллект және биотехнологияны дамыту

Даниялық Royal DSM компаниясы Дельфт техникалық университетімен бірге жасанды интеллект зертханасын құратынын жариялады. Зертхана коммерциялық деңгейде азық-түлік ингредиенттері мен өнімдерінің кең спектрін дамыту мақсатында биотехнология саласындағы инновацияларға назар аударады.

Зертхана Дания жасанды интеллект инновациясы ұлттық орталығының бөлігі болады және DSM ол климаттың өзгеруі, өсіп келе жатқан әлем үшін дұрыс тамақтану және шикізаттың жетіспеушілігі сияқты жаһандық мәселелерді шешуге көмектеседі деп санайды.

Компания оның өнімдері өз клиенттері тұтынатын тамақтардағы көміртегі ізін 80% төмендетуге қабілетті деп санайды. Тиісті биотехнологиялар балдырлар, саңырауқұлақтар және бактериялар сияқты микроорганизмдерді қант пен өсімдік сығындыларынан, яғни табиғи шикізаттан дәрумендер мен липидтер сияқты молекулалар шығару үшін пайдалануға негізделген. Ал қазірдің өзінде бұл молекулалар сүт өнімдеріне немесе өсімдік ақуыздарына балама негіз бола алады. Компанияның басқа жетістіктері ет алмастырғыштарда және қант мөлшері аз сусындарда қолдануға арналған. Жасанды интеллект, DSM пікірінше, жаңа өнімдер мен шешімдердің дамуын едәуір жылдамдатады.

Дереккөз: www.foodnavigator.com