Жақында ғана функционал сусындар нарығы мен оның дамуы жайлы көзқарасын Kerry Taste & Nutrition компаниясы бөліскен болатын.
Компанияның болжамына сәйкес, келешекте түрлі фукционал сусынға деген сұраныс арта береді. Себебі күн өткен сайын салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін адамдар қарасы көбейіп келеді. Соған байланысты олардың позитив қасиеттеріне қызығушылық еселенеді деседі.
Kerry мәліметтері бойынша, 2014-2018 жылдар аралығында жаңа функционал сусындардың саны 19 пайызға көбейген. Алдағы уақытта бұл тенденция жалғаса береді дейді компания өкілдері.
Ал енді неліктен нарықта сұраныс артады деген сауалға, компания былай жауап қатты: бүгінде тұтынушылардың функционал сусындарды қабылдауы өзгерген. Мысалы, бұрын мұндай сусындарды кәсіби спортшылар немесе энтузиастар ғана ішетіндей көрінсе, қазір аудитория жаппай қолданыстың арқасында көбейген. Сатып алушылардың дені функцинал сусындардың қандай қасиеттеріне қызығатыны жайлы компания былай дейді. Энергетикалық құндылық өскен, ми жұмысына оң әсер береді, иммундық жүйені нығайтады.
Тұтынушылардың мұндай сусындарға артып отырған үміті мен олардың сол қасиеттерін растайтын ғылымның арасында аздап алшақтық бар дейді Kerry. Сондықтан компанияның пікірінше, аталған өнімдердің артықшылығын суреттейтін айқын коммуникация қазір ауадай қажет.