Халықаралық денсаулық сақшылары алкогольсіз энергетикалық сусындардың зиянын айтып, бірікті. Сарапшылар бәрінен бұрын танымал брендтердегі кофеин, қант пен кейбір қоспаларды ұнатпайды. Healthline.com басылымы балама қарастыруға кеңес береді (“табиғи сусындар”), бірақ біз оқырмандарға алдымен барлық тұтынушыға мәлім емес шындықпен танысуды ұсынамыз.
Алкогольсіз сергіту сусындарында күмәнді, тыйым салынған, қауіпті ештеңе жоқ. Сондықтан дәмі тартымды сусындарға қатысты аңыздар мен мифтерді факттармен жоққа шығару оңай:
Факт 1
Алкогольсіз сергіту сусынының бір шынысының құрамының 90%-ы су. Таза суға қатысты әзірге ешкім қарсы келе қоймас.
Факт 2
Алкогольсіз энергетиктерде дәрументер мен дәрумендер жиынтығы бар (В3, В5, B6, B12 және басқалары). Сонымен бірге таурин мен табиғи бояғыштар бар.
Факт 3
АСС бір шынысындағы кофеин көлемі әдеттегі 1-2 шыны қою кофеден көп емес. Сондықтан олардың кофеин статистикасы анықтап қарасаңыз көп емес.
Факт 4
АСС тұтынушыларын жиі қорқытатын артық салмақтың негізгі себебі – сирек қозғалу. Тамақтану да маңызды, алайда шешуші фактор емес. Мысалы, қазіргі жастар 2000 жылдың басындағыға қарағанда қазір күніне 1,5-2 есе аз калория жұмсайды.
Факт 5
АСС-да шын мәнінде қант аз емес. Алайда кез келген тамақта оның болуы қауіпті деген емес. Шегін біліңіз: 250-400 мл сусын ішкеннен кейін сол күні тәтті не шоколад жемеңіз. Ең бастысы, өз ағзаңызды зерттеп, оған ненің болмайтынын анықтаңыз. Оған қоса ірі өндірушілер баяғыда-ақ қантсыз сусын шығаруға көшіп кеткен.