• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Испан диетологтары кофенің адам ағзасына зияны туралы мифті тағы да жоққа шығарды

Испан ғалымдары адам ағзасына зияны туралы асыра сілтеген қауесетті жоққа шығарды.  

Соның ішінде “Алерис” Тамақтану орталығының (Мадрид) технологы, диетолог, нутрициологы Аитор Санчес (Aitor Sanchez)кофенің зияны туралы ғалымдар әлі де мардымды факт айтпады деп ойлайды. Әсіресе, кофеинге қарсылар капучино мен американо ішіп тұратын азаматтардың денсаулығына қапалы. Уайымға негіз жоқ дейді Санчес. Бұл “топ” біз ойлағандай кофеині бар тамақтарға сезімтал емес. 

Санчестің әріптесі диетолог пен нутрициолог Хулиа Фарре Клаудиа Брассеско адам ағзасына кофеиннің оң әсері туралы дәлелдер бар деп ойлайды. Мысалы, кофе ағзанын инсулинге сезімталдығын арттыра алады, кейбір онкологиялық аурулардың алдын алады, спорттық нәтижелерді жақсарта алады.

Кофеиннің адам ағзасына кесірі туралы миф кеше пайда болмады. Мысалы, бір күні швед королі Густав кофе аса қауіпті тағам ретінде қабылданған заманда өлім жазасына кесілген айыптыны кофемен қинаған. Дегенмен кофемен өлтіру жазасына кесілген адамның денсаулығы жақсара түсіп, патшадан да ұзақ өмір сүрген. Оноре де Бальзак бертінде байқағандай кофе у болса, өте баяу у. Өйткені мен оны 60 жыл іштім депті.  

АЙТПАҚШЫ:

Кофеин кофе, шай мен алкогольсіз сергітетін сусындардың негізгі құрамдасы. Бренд пен көлеміне қарай бір шыныда (300-500мл) әдетте 70-100 мг кофеин бар. Бұл сондай аз емес, бірақ, мысалы, тәттіқұмарлар жақсы көретін бір келі шоколадта 400 мг кофеин бар. 

Осы орайда Азия, Африка елдерінде кофеині бар танымал алкогольсіз сусындардың бірі – шай. Халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша, шайсүйер елдердің ондығына Өзбекстан, Кения, Әзірбайжан, Пәкістан, Қытай, Мысыр, Марокко мен Қазастан және басқалары кіреді. Сауалдамаға қатысқандардың 80-90 пайыздан көбі бұл елдегілер шаймен қуттанғанды құп көреді екен, ал кофесүйерлер көп емес.