• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Балалар қанша кофеин тұтынады?

Швейцарияда ғалымдар балалардың кофеинді қанша мөлшерде және қандай тамақтан алатынын зерттеп көрмек болады. 

Сөйтіп зерттеу жұмысына 6-16 жас аралығындағы 90 ұл-қыз қатыстырылады.  

Нәтижесінде, орта есеппен алғанда балалардың кофеинді нормадан әлдеқайда төмен мөлшерде тұтынатыны белгілі болған. Зерттеуге қатысқан балалардың 8 пайызында ғана кофеин тұтыну мөлшері ұсынылған нормадан жоғары болып шығады. 

Ал енді қандай тамақтан алатынына келсек, негізгі көздері ретінде ғалымдар мыналарды атайды:  какао (29%), шоколад (25%), алкогольсіз сусындар (11%) және мокко йогурті (10%). Ел ішіндегі қалыптасқан таптаурындарға қарамастан, энергетикалық сусындар балалардың кофеин тұтыну көрсеткішінде шаймен қатар соңғы орынға (8%) жайғасады.

Дереккөз: link.springer.com/article/10.1007/s00394-020-02187-3