Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде (Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Армения) АСС өндірісі мен айналымы Кеден одағының 021/2011 «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен және Кеден одағының 022/2011 «Азық-түлік өнімдеріның  таңбалануына қатысты» техникалық регламентімен жүргізіледі. 

Кеден одағы Комиссиясының  2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде:

а) алкогольсіз сергіткіш  (энергетикалық) сусындардағы кофеиннің ең жоғарғы деңгейі (400 мг /л) болатындығы нақтыланды;

б) осындай сусындардың құрамындағы қуаттандыратын ингредиенттерінің максималды мөлшері  – екіден аспайтындай етіп шектелді;

Кеден одағының    022/2011 «Азық-түлік  өнімдерінің таңбалануына қатысты» техникалық регламентінде кез келген алкогольсіз сусындардың  құрамында   кофеині және (немесе) дәрілік өсімдіктердің немесе олардың сығындылары 150 мг / л мөлшерден асатын болса, онда сыртындағы жапсырмасында: “18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ жүйке жүйесінде ақауы бар жандарға, ұйқысыздықтан және артериялық гипертензиядан зардап шегетін адамдарға қолданбауға кеңес беріледі» деген ақпараттың міндетті түрде болуын нақтылады.