• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Энергетикалық сусындар туралы деректердің 10 топтамасы

1. Кофеин – әртүрлі энергетикалық сусындарда кездесетін ең көп таралған және қауіпсіз ингредиент. Брендтер мен сусындардың басым көпшілігінде кофеин бірден-бір сергіткіш компонент болып табылады.

Кофеин күнделікті өмірде  жиі қолданылады, ол – шай, кофе, шоколад секілді түрлі азық-түліктер құрамында да, басқа да алкогольсіз сусындарда кездеседі. Әлемдегі миллиардтаған адам кофеинді жүздеген жылдар бойы  тұтынып келеді.

2. Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеинді, қажет болса бір шыны-аяқ кофеден де кездестіруге болады, кейде тіпті одан да аз болуы мүмкін.

250 мл энергетикалық сусынның құрамында әдетте шамамен 80 миллиграмм кофеин болады, ал сіздің өзіңізге белгілі дәмханада немесе кофеханада ішетін кофенің құрамында кофейіннің мөлшері 300 миллиграмға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін.

3. Энергетикалық сусындар – бұл сусындардың салыстырмалы түрде жаңа әрі тауашалы категориясы.

Алғашында Азияда танымал болған, энергетикалық сусындар Таиландта 1970 жылдардан бастап сатыла бастады. Энергетикалық сусындар еуропалық нарыққа 1980-ші жылдардың соңына қарай кіріп, сол кезден бастап олар бүкіл әлемге, өздерінің жетістік жолына бет түзеді. Энергетикалық сусындар 40 жылдан астам тарихы болса да,  алкогольсіз сусындардың жалпы нарығының тек 1% -ын құрайтын сусындардың тауашалы  категориясын иеленді. Олардың тұтынылуы адам басына шаққанда жылына бірнеше литрден аспайды, бұл басқа алкогольсіз сусындардан, шайдан, кофеден және т.б. қарағанда он есе аз.

4. Адам баласы кофеиннің басым бөлігін энергетикалық сусындарға қарағанда, басқа сусындардан алады.

Кофеиннің қауіпсіздігі туралы ғылыми пікірде (EFSA 2015 Scientific opinion on the safety of caffeine) Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы (EFSA) балалар мен жасөспірімдер жалпы кофеинді энергетикалық сусындардан болар-болмас мөлшерде қабылдайтынын анықтады. Кез келген жастағы адамдарға кофеиннің ең көп мөлшері – басқа да өнім көздерден, атап айтқанда кофеден, шайдан, шоколад және кола сусынынан беріледі екен. Осыдан-ақ, Еуропадағы күнделікті тұтынылатын кофеиннің негізгі көзі кофе, шай, шоколад және кола сусындары сияқты танымал өнімдер екенін айқын аңғаруға болады.

Ресей Федерациясында 2014 жылы   БҚПЗО жүргізген: құрамында кофеині бар тағамдар мен сусындарды тұтынудың статистикалық зерттеулері де осыған ұқсас тұжырым жасаған еді.

5. Энергетикалық сусындардың таралуы толыққанды  реттеледі.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде (Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Армения) АСС өндірісі мен айналымы Кеден одағының 021/2011 «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен және Кеден одағының 022/2011 «Азық-түлік өнімдерінің  таңбалануына қатысты» техникалық регламентімен реттеледі. 

Кеден одағы Комиссиясының  2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде:

а) алкогольсіз сергіткіш  (энергетикалық) сусындардағы кофеиннің ең жоғарғы деңгейі (400 мг / л) болатындығы нақтыланды;

б) осындай сусындардың құрамындағы қуаттандыратын ингредиенттерінің максималды мөлшері  – екіден аспайтындай етіп шектелді;

Кеден одағының    022/2011 «Азық-түлік  өнімдерінің таңбалануына қатысты» техникалық регламентінде кез келген алкогольсіз сусындардың  құрамында   кофеині және (немесе) дәрілік өсімдіктердің немесе олардың сығындылары – 150 мг / л мөлшерден асатын болса, онда сыртындағы жапсырмасында: “18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ жүйке жүйесінде ақауы бар жандарға, ұйқысыздықтан және артериялық гипертензиядан зардап шегетін адамдарға қолданбауға кеңес беріледі» деген ақпараттың міндетті түрде болуын нақтылады.

Еуропалық Одақта энергетикалық сусындар Еуропалық Одақтың 2000/13 / EО таңбалау директивасымен және 2014 жылғы 13 желтоқсаннан бастап ЕО № 1169/2011 «Тұтынушылардың тамақ өнімдері туралы ақпараты туралы» ережесімен реттеледі. Бұл ережелер тұтынушыларға кофеиннің мөлшері туралы ескерту беріп, таңдау жасауға мүмкіндік туғызады.

6. Энергетикалық сусынның ингредиенттері қоршаған ортада да кездеседі.

Энергетикалық сусындарда қолданылатын көптеген  ингредиент табиғи түрде басқа да азық-түліктерде кездеседі. Мысалы, таурин табиғи түрде теңіз өнімдерінде немесе құс етінде кездеседі, ал кофеин – кофе дәндерінің, шай жапырақтарының, какао бұршақтарының, кола жаңғақтарының, гуарана мен матенің табиғи компонентінде кездеседі.

7. Таурин қоздырғыш элемент болып саналмайды,  бірақ ол бірнеше физиологиялық функцияларда маңызды рөл атқарады.

Тауриннің ынталандырушы әсері жоқ. Бұл ақуыздардың құрамына кірмейтін амин қышқылы, бірақ ол көптеген физиологиялық функцияларда маңызды рөл атқарады, әсіресе көздің тор қабығы мен неврологияның дамуына, осморегуляцияға, кальций мен иммундық функцияның жасушалық деңгейінің модуляциясына әсері күшті. Бұл энергетикалық сусындардың негізгі ингредиенттерінің бірі. Таурин – бұл амин қышқылы, ол жануарлардың тіндерінде кең таралған, сонымен қатар күнделікті тамақ рационында және көптеген сүт қоспаларында кездеседі. Бұл сонымен қатар адам ағзасының табиғи компоненті. Адам денесінің жалпы салмағының 0,1% -ы тауриннен тұрады. 2009 жылы Еуропалық Одақтағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалайтын орган болып табылатын,  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Басқарма (EFSA) ,  әлемдегі көптеген денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, қазіргі уақыттағы энергетикалық сусындарда қолданылатын тауриннің деңгейі денсаулық қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді деген қорытындыға келді. Бұны кейін, (2015ж.) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік (EFSA) кофеин қауіпсіздігі туралы ғылыми пікірінде растады.

8. Кофеинді үнемі тұтыну «тәуелділікке» ұрындырмайды.

Жалпылама көзқараста, кофеин, шай, кофе немесе шоколад сияқты  табиғи ингредиентті өнімдерге жатады, бұның әсерінен адамда бас тартып, қайтып қалу немесе құмартып тәуелді болып қалу секілді   синдром туындамайды. Энергетикалық сусындарда да бір шын-аяқ  кофенің құрамындағыдай кофеин кездеседі.

9. «Еуразия» энергетикалық сусындары қауымдастығының біріктірілген ережесі.

ЕЭСҚ-на мүше компаниялары заң талаптарына қарағанда айтарлықтай қатаң, бірнеше ерікті міндеттемелерден тұратын «Тәжірибе Кодексін» жасады. Іс-жүзінде, ЕЭСҚ мүшелері өз өнімдерін және олардың дұрыс тұтынылуын маркетингтік мәселеде жауапкершілікпен қарайды.

10. Энергетикалық сусындардың  таңбалануы –  кофеинге  қатысты ақпараттың алдыңғы қатарында.

Энергетикалық сусындар да басқа кофеинқұрамды сусындар сияқты,  тұтынушыларға өзінің сыртқы жапсырмасында үш маңызды аспект жайында хабардар етеді:

1) сусынның құрамында кофеинің нақты  бар екендігі;

2) өнімдегі кофеиннің жалпы мөлшерін көрсетеді;

3) олар өнімді (кез келген басқа тамақ пен сусын сияқты) қалыпты пайдалану керек екенін және халықтың осал топтарына (балалар, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер және басқалар) ұсынылмайтындығы туралы кеңес береді.