Соңғы 25 жыл ішінде энергетикалық сусындардың танымалдылығы едәуір артты, осылайша олар қазіргі кезде әлемнің көптеген елінде қолданылады. Дегенмен, энергетикалық сусындар бұл жетістігіне қарамастан, әлі де тауашалық өнім болып табылады, ол бар болғаны алкогольсіз сусындардың жалпы нарығының тек 1% құрайды.
Бұл қалай десеңіз, себебі мынадай, энергетикалық сусындар тұрақты түрде тұтынылмайды және ол күнделікті тамақтану құрамының бір бөлігі де емес, сонымен қатар, энергетикалық сусындар профилінде ерекше ингредиенттер бар және ол ерекше дәмге ие, адамдар бұны көбінесе өзгеше бір күйге бөлену үшін ішеді, сондықтан ба, бұл сусындар нарықта шағын мөлшерде өткізіледі.
2015 жылы жарияланған кофеиндердің қауіпсіздігі туралы ғылыми пікірінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық басқарма (EFSA) балалар мен жасөспірімдер қабылдайтын жалпы кофеин мөлшеріне энергетикалық сусындардың қосатын үлесі азғантай екенін бекітті. Кофеиннің ең көп мөлшері – барлық жастағы адамдарға – кофе, шай, шоколад және кола сусыны сияқты басқа да өнім көздерден беріледі екен. Осыдан-ақ, Еуропадағы күнделікті тұтынылатын кофеиннің негізгі көзі – кофе, шай, шоколад және кола сусындары сияқты жиі тұтынылатын басқа да кең таралған өнімдерден алынатындығын айқын аңғаруға болады.
Жалпы бұл Еуропа ғана емес, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы сияқты елдердің нарықтарына да қатысты. Еуропалық мәліметтерге сүйенсек, ғылыми зерттеулердің қай бір қортындысын қарасаңыз энергетикалық сусындардан берілетін кофеин, жалпы адам ағзасына берілетін кофеиіннің өте аз бөлігін құрайтынын көрсетеді. 2013 жылдан бастап жүргізілген кешенді зерттеуде сусындардан берілетін кофеин үлесі америкалық тұтынушылардың репрезентативті үлгісінде анықталды. Сонда, сусындардан тұтынылатын кофеиннің 96%-ы кофе, алкогольсіз сусындар мен шайдан болатындығы анықталды. Сонымен қатар, кофе американдық тұтынушылар тұтынатын кофеиннің ең үлкен көзі болып табылады (Mitchell және басқалар, 2013). АҚШ үкіметінің жақында жүргізген зерттеуі (Branum et al., 2014) бұл тұжырымды растады. Дерек бойынша, зерттеуде 12-ден 18 жасқа дейінгілерде энергетикалық сусындардан алатын кофеиннің үлесі 2007 – 2008 жылдармен салыстырғанда 2009-2010 жылдары төмендеген екен.
Ресей Федерациясында 2014 жылы БҚПЗО жүргізген зерттеуінде, адам ағзасына кофеиннің 90% -дан астамы шай мен кофеден түсетіні анықталды. Кофеин қосылған АСС 5-ші орында, үлесі 2% -дан аспайды.