Энергетикалық сусындар мен алкогольсіз сусындардың айырмашылығы неде?
Энергетикалық сусындар қарапайым алкогольсіз сусындардан ерекше құрамымен, қызметімен ерекшеленеді. Энергетикалық сусындар – бұл адам ағзасына пайдалы әсер ететін функционалды ингредиенттері бар алкогольсіз сусындар. Энергетикалық сусындардың құрамында, әдетте, кофеин және суда еритін дәрумендер, соның ішінде көбінесе В дәрумендер тобы болады. Сонымен қатар энергетикалық сусындардың құрамында тағамдық немесе физиологиялық функцияларды атқаратын таурин және басқа ингредиенттер бар. Хош истендіргіштер, бояғыштар және алкогольсіз сусындарда да қолдануға болатын басқа да рұқсат етілген тағамдық қоспалар, дәміне қарай энергетикалық сусындарға қосылады. Дәстүрлі алкогольсіз сусындар әдетте, хош иістендіріледі. Сонысымен халықың көңілінен шығады. Олар әр түрлі талғамға сай ұсынылады. Дәстүрлі алкогольсіз сусындар негізінде тұтынушыға сергітетін дәм беру үшін газдалады. Алкогольсіз сусындар қантпен немесе қоректік емес тәттілендіргіш қоспалармен тәттілендірілуі мүмкін. Бұндай санатқа энергетикалық сусындардан гөрі құрамында хош иістендіргіші азғантай кофеині бар “кола” секілді сусындар жатады. Әдетте, олардың құрамында басқа функционалды ингредиенттер болмайды .
* Аталмыш ақпарат «жеңілдетілген» және қантсыз түрлерін қоспағанда стандартты сусындарға қатысты беріліп отыр.