Қантсыз энергетикалық сусындардың құрамында аспартам сияқты күшті тәттілендіргіш бар. Қантты сусындармен бірдей деңгейіндегі қантсыз рецептерде калория жоқтың қасы.
Қантсыз энергетикалық сусындардың құрамында бір тәттілендіргіш немесе әр түрлі тәттілендіргіштердің жиынтығы болуы мүмкін (мысалы, аспартам, Acesulfame K, сукралоза). Бұл тәттілендіргіштер әлемдегі ең көп сыналған және жиі қолданылатын қант алмастырғыштарының бірі болып табылады және олардың барлығы да жоғары қауіпсіздік профиліне ие. Көптеген ғылыми зерттеулер тәттілендіргіш ретінде пайдалану үшін аталмыш заттардың айтарлықтай қауіпсіз екенін көрсетеді.
Бұл тәттілендіргіштердің қауіпсіздігін бүкіл әлемдегі реттеуші органдар бағалады (мысалы, АҚШ-тың тамақ және дәрі-дәрмектерді бақылу басқармасы). Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы (EFSA), АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектерін сапалы бақылау бойынша басқармасы (АҚШ FDA) және FAO / ДДҰ-ның Азық-түлік қоспалары жөніндегі сарапшылардың бірлескен комитеті сияқты тәуелсіз ғылыми-кеңес беру органдары (JECFA).