Кофеин әртүрлі өсімдіктердің, дәстүрлі тұтынылатын – кофе дәндері, шай жапырақтары, какао бұршақтары, кола жаңғақтары, гуарана және мате секілді өнімдердің құрамында кездеседі.
Кофеин – энергетикалық сусындардың құрамдас бөлігі, әдетте энергетикалық сусындардың құрамында кофеин мөлшері 100 мл-ге 32 мг құрайды. Оның ынталандырушы әсерін ғалымдар ғасырлар бойы зерттеп келді. Еуропалық Одақтың азық-түлік қауіпсіздігін бағалайтын ұйым, яғни тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық орган (EFSA) адамның бойындағы төзімділік пен жаттығу кезіндеші физикалық қуатты / күшті арттыратын кофеиннің денсаулыққа қатысты оң тұстарын жоғары бағалады.