Кәдімгі энергетикалық сусындардың құрамында 100 мл-ге 32 мг кофеин болады. Энергетикалық сусындардағы кофеиннің мөлшері бір шыны кофемен бірдей мөлшерде болады.
Жалпы, энергетикалық сусындардағы кофеин мөлшері қауіпсіз деңгейінде болуы керек. Көптеген беделді ғылыми ұйымдар кофеиннің әсерін қарастырды. Канадалық денсаулық сақтау ғалымдары кофеин туралы ғылыми әдебиеттерге кеңінен шолу жасады да (Nawrot et al., 2003). Осы шолудың негізінде олар денсаулығы жақсы ересектердің жалпы тобына, егер олар тәулігіне тұтынуы 400 мг-нан асырмаса, кофеиннің теріс әсер ету қаупі төнбейді деген қорытындыға келген еді. Мұны Еуропалық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі басқармасы растады (EFSA, 2015).
Алайда, EFSA жүкті және бала емізетін әйелдерге кофеинді күніне 200 мг-нан асырмай қабылдауға кеңіс береді.
Кез келген тамақ өнімдер мен сусындардың шамадан тыс тұтынылуы денсаулыққа зиян екені баршаға мәлім. Тіпті суды да шамадан тыс көп ішу денсаулыққа зиян. Тамақтану жөніндегі мамандар тамақ пен сусынды әр түрлі тағамдық көздерден және қалыпты мөлшерде ішу маңызды деген тоқтам жасаған. Әрине, бұдан энергетикалық сусындар да қалыс қалмақ емес, олар теңдестірілген және өзгермелі диетаның, салауатты өмір салтының бөлігі бола алады. Сондықтан энергетикалық сусындарды қалыпты мөлшерде ішкен абзал.