• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Энергетикалық сусындар және физикалық жаттығулар

Энергетикалық сусындар – бұл белсенді болғысы келетіндерге пайдалы әсер ететін алкогольсіз сусындар. Олар ағзадағы ылғал тепе-теңдігін сақтауға арналмаған. Энергетикалық сусындар құрамы мен қызметіне қарай спорттық сусындардан ерекшеленеді. Спорттық сусындардың құрамында көмірсулар мен электролиттер болады (мысалы, натрий, хлорид және калий). Спорттық сусындарда әдетте кофеин болмайды. Спортпен шұғылдану кезінде, әсіресе қарқынды жаттығулар жүргізгенде көп мөлшерде су ішкен абзал.

 Энергетикалық сусынды тұтыну спортпен шұғылданатын адамдарға қауіп төндірмейді. Тағамдық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық орган (EFSA, 2015) құрамында 200 мг-ға дейін кофеині бар (энергетикалық сусындарды қоса)  барлық қоректік көздерді пайдалану «қалыпты қоршаған орта жағдайындағы қарқынды жаттығу жасағанға дейін екі сағат бұрын пайдаланса денсаулыққа ешқандай қауіп-қатер туғызбайды» деп қортынды жасады.