Энергетикалық сусындарды балалар мен жасөспірімдерге тұтынуға бола ма?
Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин, бір шыны-аяқ кофенің құрамындағы кофеинмен бірдей мөлшерде болады.
Энергетикалық сусын өндірушілер Тәжірибе Кодексі аясында өз өнімдерін халықтың ересек топтарына сатуды міндетіне алды. Алайда, ересектер де, жасөспірімдер де энергетикалық сусындарды тамақ өнімдері мен сусындар сияқты теңгерімді тамақтану мен салауатты / белсенді өмір салтына сай қауіпсіз пайдалана алады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық органның (EFSA) соңғы ұсыныстары бойынша, ересек адамдар үшін кофеиннің күнделікті қабылдау мөлшері 400 мг болса, жасөспірімдерге дене салмағының әр кг үшін 3 мг мөлшерінде кофеин қабылдау қауіпсіз. Яғни бұл дене салмағына қарай жасөспірімдер тәулігіне 1-2 құты (250 мл) қалыпты энергетикалық сусын ішуге болады дегенді меңзейді.